Жаңалықтар

2023 жылғы 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді

2023 жылғы 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. «17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Оның ішінде - 3 қала және 42 аудан. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді», - деді Н.Әбдіров.