дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2023 жылғы ҰБТ-ның жаңашылдығы қандай?

2023 жылғы ҰБТ-ның жаңашылдығы қандай?
ашық дереккөзі
2023 жылғы ҰБТ-ның жаңашылдығы қандай?
Өз үйіндей болып кеткен білім ордасыннан түлеп ұшып, он бір жыл алған білімін дәлелдеп, түрлі мамандықтың тізгінін ұстайтын түлектердің ой-санасы мен көңілі оқу жылының аяғына дейін  алаңдаулы болады. Өйткені ҰБТ-ны өмірдің шешуші қадамы ретінде бағалайтындар көп. 2023 жылғы ҰБТ-ның жаңашылдығы қандай? Біз осыны саралап, тестілеуге тиімді дайындалудың жолы туралы талдайтын боламыз. ХХ ғасырдың 90 жылдарының аяғында елде мектеп түлектері Кешенді тестілеу арқылы жоғарғы оқу орнына оқуға түсе бастады. Ал 2000-шы жылдардың басында кешенді тестілеудің формасы ҰБТ-ға өзгеріп, мектептер, білім бөлімдері мен басқармаларының жұмысына тестілеудің қорытындысымен баға беретін болды. Әр министр ауысқан сайын ҰБТ-ға бір жаңалық әкеліп, оқушылардың алаңдауына себеп болғанын да білеміз. Біріншіден, биылғы жылы түлектердің психо-эмоционалдық жай-күйін бірінші орынға қою арқылы жаңа жоспар қарастырылып жатыр. Енді мамырда тестілеу өтпеуі мүмкін. Оның басты себебін Руслан Емелбаев психология саласымен ұштастырып тарқатты. «Арнайы топ жұмыс жасап жатқан жаңа жоспар бойынша түлектің бес рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі болады. Ол – қаңтар, наурыз, сәуір, маусым және тамыз айы. Негізгі тестілеу, яғни мемлекеттік грантқа өтіп өтпеуін шешетін тесттің бірінші мүмкіндігі – сәуірде, екінші мүмкіндікке тіркеу мамыр айында басталып, маусым айында өткізу жоспарлануда. Себебі, мамырда мерекелік күндер көп және түлек үшін ең маңызды күннің бірі – соңғы қоңырау. Дайындықты талап ететін бұл күнді әр оқушы жоғары деңгейде өткізгісі келетіндіктен, тестілеуге концентрациясы төмен болады. Осыны ескеріп отырмыз», – деді Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры. ҰБТ-ның жалпы форматында өзгеріс жоқ. Былтырғы екі реттік тапсыру мүмкіндіге пандемиядан кейін тек бір жылға ғана бекітілген болса (тестілеу нәтижесін төменде берілген инфографикадан көре аласыздар), 2022-2023 оқу жылында ережеге толық өзгеріс енгізіліп, бұдан былай түлек негізгі екі реттік тапсыру шешімі қабылданды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар