жұма, 11 қазан, 2024 13:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2023 жылды жақсы нәтижелермен шығарып саламыз – Премьер-Министр

2023 жылды жақсы нәтижелермен шығарып саламыз – Премьер-Министр
ашық дереккөзі
2023 жылды жақсы нәтижелермен шығарып саламыз – Премьер-Министр
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылды қорытындылап, жақсы нәтижелер болғанын атап өтті, деп хабарлайды Жамбылинфо  Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Үкіметтегі осы жылға арналған жоспарлы заң жобаларын қарап болдық. Енді оларды Парламентке енгізу қажет. Жалпы, 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарын орындалды деп мақұлдауды ұсынамын. Биыл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, экономика және бюджет, медиа, сондай-ақ әлеуметтік саладағы заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды», - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің қорытынды отырысында. Премьер-Министр Үкіметтің заң жобаларын Әділет министрлігіне, Үкіметке және Мәжіліске енгізу мерзімдері де бірнеше рет бұзылғанын, жаңа жоспарды іске асыруда заң жобаларын уақытылы енгізуге ерекше назар аудару қажеттігін айтты. «Бүгін Үкіметтің биылғы қорытынды отырысын өткіздік. Барлық Үкімет мүшелерін, шақырылғандар мен БАҚ өкілдерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Біз 2023 жылды жақсы нәтижелермен шығарып салғалы отырмыз. Бәріміз бірге үйлесімді, ауқымды жұмыс атқардық. Сол үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді. Келесі жылға айқындалған міндеттерді жақсы білесіздер. Алда атқаратын жұмыс көп. Сондықтан, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз», - деді Әлихан Смайылов. Бұған дейін Үкіметте 2024 жылы қандай заң жобалары әзірленетіні талқыланған еді. Сондай-ақ, ҚР Әділет министрі А. Есқараев мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын нашар жоспарлағанын сынға алды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар