Жаңалықтар

2023 жылы Қазақстанда азаптау фактілері бойынша 148 қылмыстық іс қозғалған

2023 жылы Қазақстанда азаптау фактілері бойынша 148 қылмыстық іс қозғалған

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі 2023 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, бірқатар мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Дереккөзге сүйенсек, өткен жылы «азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлері бойынша 150 шағым» қаралған. «Бұл ретте азаптау фактілері бойынша 148 қылмыстық іс қозғалған. Былтыр жабық мекемелерге 493 профилактикалық тексеру жүргізілді. Есептерді талдау нәтижелері бойынша 3 мыңнан астам ұсыныс жолданды, оның 33 пайызы орындалды, қалғаны орындалып жатыр», - деп хабарлайды уәкілдің ресми сайты. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен полиция үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілді, қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді», - деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова.