Жаңалықтар

2023 жылы «Әулиеата жастары» бағдарламасымен 180 жас баспанамен қамтамасыз етілмек

2023 жылы «Әулиеата жастары» бағдарламасымен 180 жас баспанамен қамтамасыз етілмек

Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өткізді. Басқосуда 2022 жылы облыстағы бірқатар салада атқарылған жұмыстар баяндалды. Айталық, биыл білім саласында 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне 10 мектеп, 3 білім ошағына қосымша ғимарат пен оқушылар сарайы пайдалануға берілді.    width= Өңірде спортпен шұғылданатындардың саны 39,1%-ға артқан. 2022 жылы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі – 56,8 % құрапты. Ал, мәдениет саласында биыл облыс көлемінде 1 халықаралық, 3 республикалық, 28 облыстық іс-шаралар ұйымдастырылған. Келер жылдан бастап облыста 13 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жастар саясаты да басты назарда. Мәселен, биыл алғаш рет жүзеге асқан «Әулиеата жастары» бағдарламасы нәтижесінде 27 қатысушының өтінімі мақұлданып, 15 қатысушы бағдарлама аясында баспаналы болды. 13 қатысушыға тұрғын үй іздестірілуде. Игілікті жоба келер жылы да облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып,180 жас баспанамен қамтамасыз етілмек.  width= Жыл басынан облыс әкімдігінің дін саласындағы жұмыстары 3 негізгі бағытта атқарылған. Нәтижесінде экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайтудың нысаналы индикаторы 65,2%-ға орындалған.  width= Өңірде тілдік ахуал да тұрақты. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 85%-ды құраса, жастардың 77% қазақ тілінде білім алуда. Одан бөлек, тіл мәдениетін арттыру бағытында 207 іс-шара ұйымдастырылып, Тараз қаласындағы 114 көшеге жаңадан атау берілген.