Жаңалықтар

2024 жылдан бастап қазақстандық оқушылар жаппай нашақорлыққа тексеріледі

2024 жылдан бастап қазақстандық оқушылар жаппай нашақорлыққа тексеріледі

Қазақстан ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов 2024 жылдан бастап есірткі қолданатындарды анықтау үшін оқушылар арасында міндетті скрининг енгізу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында Әмірханов 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында оқушылар арасында скрининг жүргізуді қамтитын кешенді жоспар іске асырылатынын мәлімдеді.

Бақытжан Әмірханов оқушылар арасында мәжбүрлеп тестілеу өткізілмейтінін атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік органдар медициналық комиссиядан өту үшін қажетті талдаулардың тізбесін дайындайды. Бастапқы кезеңде психологтардың қатысуымен ассист-тест өткізу жоспарлануда. Яғни, психологтар есірткіні қолданатындарды анықтау үшін мектеп оқушыларын психотесттер арқылы тексереді. Бұған дейін Әмірханов Қазақстанда жыл сайын оқушылар арасында "синтетикалық" нашақорлардың саны артып келе жатқанын айтқан болатын. Денсаулық сақтау органдарының деректері бойынша Қазақстанда есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның ішінде 1500-і әйел және 100-ге жуығы кәмелетке толмағандар. Дереккөз: Ұлыс медиа ақпарат порталынан