Жаңалықтар

2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі

2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі

Еңбекмині азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап

Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «НҚА» сайтында орналастырылған.