дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді

2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді
ашық дереккөзі
2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді
Алдағы жылы бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты Астанада өтеді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап. Халықаралық бокс федерациясының (IBA) директорлар кеңесі Ташкент қаласында өткен ресми жиналысында осындай шешім қабылдады. Қазақстан бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Әзиз Қожамбетов өтінім берген. Жарыс Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. «Қазақстан сияқты мықты бокс елінің IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өткізетініне қуаныштымын. Бұған дейін осындай дода Астанада 2016 жылы өткен, енді, міне, қайта оралғалы отыр. Мен тамаша чемпионатты асыға күтемін және алдағы жылы Астанада бас қосатын боксшыларды құттықтаймын», - деді IBA президенті Умар Кремлев. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан бокс құрамасының медальдар кестесінде екінші орыннан көрінгенін жазған болатынбыз.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар