жексенбі, 6 қазан, 2024 8:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді

2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді
ашық дереккөзі
2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді
Елімізде сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. «Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің - 25%, 2024 жылы - 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», - деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ-де өткен брифингте. Сонымен қатар министр орынбасарының мәлімдеуінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді. «Әлеуметтік желілерде үгіт-насихатқа рұқсат беру, сол сияқты аумақтық сайлау комиссияларының қызметін кәсібилендіру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу және тағы басқа өзгерістер қамтылған», - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар