Облыста 2025 жылды кітап оқу жылы деп жариялаймыз - Ербол Қарашөкеев
Астанада Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр
Жамбыл облысында 2025 жылды кітап оқу жылы деп жарияланады. Бұл туралы Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингке айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Шырақпайұлының айтуынша, облыста жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет нысанын іске қосу жоспарланса, бұдан бөлек, 17 мәдениет нысаны жөндеуден өтті.