Жаңалықтар

2025 жылдың соңына дейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі

2025 жылдың соңына дейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Үкіметте өткен отырыста Премьер-министр ауыз сумен ең аз қамтылған өңірлерді атады. Олардың қатарында Абай, Ақмола, Жамбыл облыстарындағы қалалар мен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдары бар. Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға бюджеттен 280 млрд теңге бөлінген. 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі қажет. Смайылов Индустрия министрлігі мен әкімдіктерге су мәселесіне қатысты жұмыстарды жандандыруды тапсырды.