дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 2:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылы Абай ауданында жылына 72 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт салу жоспарлануда

2025 жылы Абай ауданында жылына 72 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт салу жоспарлануда
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

«Qazaq Astyq Group» ЖШС осы жобаны жүзеге асырып, тазартылған май өндірісін арттырмақ. Өндіріс қуаттылығы жылына 72 мың тонна өнімді құрайды, ал жобаның құны 7,2 млрд теңге, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл бастама компанияның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге және өсімдік майларының ішкі және сыртқы нарықтағы сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта зауыт тәулігіне 1200 тонна тұқым (күнбағыс, рапс немесе зығыр) өңдеп, 522 тонна май, 430 тонна шрот және 36 тонна түйіршіктелген қабық шығарады.

Шикізат отандық және ресейлік ауыл шаруашылығы өндірушілерінен жеткізіледі.

Зауыттың өнімдері Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД елдеріне, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония сияқты басқа да мемлекеттерге экспортталады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар