2025 жылы еңбек демалысын қай кезде алған тиімді: Мамандар жауап берді
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 қараша, 2024
- 531
Қазақстанда жұмыс іздеу және кадрларды таңдауға арналған HeadHunter онлайн платформасының сарапшыларының айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда 246 жұмыс күні бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне cілтеме жасап.
Сарапшылардың пікірінше, ақылы еңбек демалысына шығу үшін ең қолайлы айлар – сәуір, шілде, қазан және желтоқсан. Себебі бұл айлар ең көп жұмыс күндеріне ие (әрқайсысы 22 күннен), бұл демалыс төлемдерінің мөлшеріне оң әсер етеді.
Тамыз және қыркүйек айлары да демалысқа шығу үшін тиімді. Бұл айлардың әрқайсысында 21 жұмыс күні бар.
Сарапшылар ақылы еңбек демалысының төлемдерін есептеу базасы сол айдағы жұмыс күндерінің санына тікелей байланысты екенін айтады. Жұмыс күндері неғұрлым көп болса, демалыс төлемінің көлемі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан максималды төлемді алғысы келетіндер жұмыс күндері көп айды таңдауы қажет.
"Еңбек демалысы төлемінің мөлшеріне назар аударатындар үшін ең тиімсіз айлар – наурыз және мамыр айлары. Наурызда 17 жұмыс күні, ал мамыр айында 19 жұмыс күні бар”, – дейді мамандар.
Мамандырдың айтуынша, егер жұмысшы үшін еңбек демалысы төлемінің максималды мөлшері маңызды болса, демалыс үшін сәуір, шілде, қазан және желтоқсан айлары оңтайлы. Еңбек демалысының уақытын ұзартқысы келетіндер үшін мерекелік демалыстары көп наурыз немесе мамыр айлары тиімді.
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024