Жаңалықтар

2025 жылы елде зейнетақы төлемдері артады

Келесі жылы 2,5 млн зейнеткердің табысы артпақ

2025 жылы елде зейнетақы төлемдері артады. Бұған 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы негіз болып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Economy.kz порталының сарапшысы Лина Егельқызы мемлекеттің нақты мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ден қойып отырғанын байқаған. 

Әсіресе қарт азаматтарды зейнетақымен қамту назарда. 

Мәселен, алдағы 2 жылда орташа зейнетақы көлемі кезең-кезеңімен өсіп отырады. Келесі жылы көрсеткіш 96 562 теңге болса, 2026 103 376 теңгені құрайды. 2027 жылы 110 185 теңгеден асады.