дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2026 жылдан бастап оқушылар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алады

2026 жылдан бастап оқушылар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алады
Фото: Время. Вера Останкова
Қазақстанда орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты әзірленді

Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов   жаңа стандартқан сай мектептердегі оқу жоспары қалай өзгеретінін айтып берді деп жазады stan.kz. Время басылымына сілтеме жасап. 

Руслан Қаратабановтың сөзінше, жаңа мемлекеттік білім стандарты қазақ мектептеріне 2026-2027 оқу жылынан бастап енгізіледі. Жаңартылған бағдарламалар аяқталуға жақын. Жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтіп, бекітіледі дейді. 

"2016 жылы қабылданған стандарттан айтарлықтай ауытқымаймыз. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде өткен курс өзгеріссіз қалады. Жалпы, оқытудың пәндері мен тәсілдері түбегейлі өзгермейді. Бірақ мұғалімдер назар аударатын оқу бағдарламаларын оңтайландырып жатырмыз. Қазіргі уақытта оқушыларда жүктеме көп. Бағдарламаларда көрсетілген оқу мақсаттарының саны шамадан тыс”, – дейді ол. 

Сондай-ақ ол әр тақырып бойынша оқушы меңгеруі тиіс негізгі нәрселер нақты белгіленетінін айтты. 

“Бұл мақсаттар. Олардың саны сегіз немесе тоғыз болуы мүмкін. Неғұрлым көп болса, материалды терең меңгеруге соғұрлым аз уақыт кетеді. Өйткені әрбір мақсат үшін тапсырмаларды дайындау, бағалау жүргізу қажет. Біз барлық бағдарламаларды талдап, мақсаттар санын қысқарттық", – деді ол. 

Руслан Қаратабановтың сөзінше, бағдарламаның өзі түбегейлі өзгермейді. 

“Біз оқу мақсаттарын оңтайландырып, кеңейттік. Мәселен, математика курсынан 5-6 сыныптарда 204 мақсат болса, оны 184-ке дейін қысқарттық. Ал Қазақстан тарихынан 5-9 сыныптарда 163 мақсат болса, ол 124 болды. Басқа пәндер бойынша да солай жасадық. Осылайша мұғалімнің кей тақырыптарға көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік туады. Бағдарламалардың өзі, түбегейлі өзгермейді. Мектептердегі оқытудың қолданыстағы тәсілдерімен қатар логикалық байланыс және сабақтастық сақталады”, –дейді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар