Жаңалықтар

2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Үкімет

2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Үкімет

Елімізде 130 мыңнан астам отбасы өткен жылы баспанаға қол жеткізген. Премьер-Министр Мемлекет басшысының 7 жылда 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті. Ә.Смайыловтың айтуынша, халық тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына, олардың бей-берекет салынуына, уақытылы іске қосылмауына қатысты шағым өте көп. Үкімет басшысы тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша осы жылға арналған барлық жоспарлардың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және 1 қыркүйекке дейін кезекте тұрғандардың тізімін белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өзектендіруді тапсырды.