Жаңалықтар
2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығады
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2023
- 267
2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығады
Дүниежүзілік семіздікпен күрес федерациясы егер шара қолданылмаса, 2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығатынын ескертеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ұйым есебіне сәйкес, төрт миллиардтан астам адам артық салмақтан зардап шегеді, ал балалар арасында қарқын әлдеқайда жоғары болады.
Есепте 2035 жылға қарай семіздікпен күресуге жұмсалатын шығын жылына 4 трлн доллардан асады деп болжайды.
Федерация президенті, профессор Луиза Баур есеп қорытындысын болашақта семіздік салдарымен бетпе-бет келмеу үшін елдерге қазір әрекет ету керектігін танытатын «анық ескерту» деп сипаттады.
Атап өткенде, баяндамада әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында семіздікке шалдығу деңгейінің жоғарылауына назар аударылады. Бұл көрсеткіш ұлдар мен қыздарда 2020 жылғы деңгейден екі есе артады деп күтілуде.
Сондай-ақ, баяндамада әлемде семіздікке ең көп шалдығатын 10 елдің 9-ы - Африка мен Азиядағы табысы төмен немесе ортадан төмен елдер екені айтылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала