Жаңалықтар

21 сәуір: еліміздің біраз өңірінде найзағай мен екпінді жел күтіледі

The final spritzer

Синоптиктер ертең, 21 сәуірде еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертеді.

Бірқатар облыстарда найзағай ойнап, жауын жауады, ал түнде аяз күтіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысы:

Таулы аудандарда найзағай, тұман күтіледі. Жел екпіні – 25 м/с дейін. Түнде оңтүстікте топырақ беті қатып, 1 градус үсік болады. Таразда түнгі жел – 20 м/с.

Ақмола облысы:

Кей өңірлерде найзағай. Желдің жылдамдығы – 20 м/с. Көкшетауда да осындай жел күтіледі.

Алматы облысы:

Шығыс және орталық бөлігінде жел – 20 м/с. Тау етегіндегі аудандарда түнде 1–3 градус үсік болады.

Жетісу облысы:

Тау бөктерінде тұман. Солтүстік пен орталықта түнгі үсік – 1–3 градус. Талдықорғанда – 2 градус үсік.

Қостанай облысы:

Солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Қостанай қаласында да күн күркірейді.

Шығыс Қазақстан:

Солтүстігінде түнде жаңбыр, қар, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні – 25 м/с. Өскеменде найзағай мен қатты жел.

Абай облысы:

Найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел – 28 м/с дейін. Семейде – 20 м/с.

Павлодар облысы:

Оңтүстік пен шығыста найзағай. Жел – 20 м/с.

Атырау облысы:

Батыста жел күшейеді – 20 м/с.

Түркістан облысы:

Таулы аймақтарда найзағай, жел – 20 м/с.

Маңғыстау облысы:

Шаңды дауыл тұрып, жел 23 м/с дейін күшейеді. Ақтауда шаң көтеріледі.

Астана:

Күндіз найзағай, желдің екпіні – 20 м/с.