Жаңалықтар

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10%-ы вейптерді тұрақты түрде шегеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. «Елімізде ересектердің 21%-ы темекі тартады, балалардың 20%-ында артық дене салмағы бар, оның ішінде 6%-ы семіздіктен зардап шегеді. Ал энергетикалық, тәтті сусындарды 17,5%-ы тұтынады. 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде» - деді министр.