Жаңалықтар
240 мың педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2025
- 223
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.
Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.
«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз — педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу», — деді Асылбек Ахметжанов баспасөз мәслихатында.
«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026





