Жаңалықтар

27 наурыз - Халықаралық театр күні

27 наурыз - Халықаралық театр күні

27 наурыз - Халықаралық театр күні. Атаулы күн 1961 жылы Вена қаласында өткен ЮНЕСКО Халықаралық театр институтының IX конгресінде бекітілді, 1962 жылдан бері тойланып келеді. Театр туралы қызықты деректер - Әлемде билет алу жүйесі ерекше театр бар. Ол АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан. «Бартер Театрына» кіру билетін ақшаға емес, тамаққа айырбастап алады. - Ежелгі Римде жұртшылық әрдайым қанды көріністі тамашалағанды жақсы көрді. Оған тек гладиаторлық шайқастар ғана емес, театрлық қайғылы оқиғалар да дәлел бола алады. Мысалы, егер қойылым барысында актер өлуге тиіс болса, соңғы сәтте актерды өлім жазасына кесілген қылмыскермен алмастырып, дәл сахнада өлтіре алған. - Ежелгі уақытта Сицилияда бір жылға созылатын қойылымдар сахналанған. Көрермендер күн сайын кеште таман қойылымның жалғасын көру үшін театрға жиналатын. - Алғаш рет фонограмма Ежелгі Римде пайда болған. Ливий Андроник есімді драматург пьесалар жазуымен қоса, сол қойылымдарда өзі ойнайтын болған. Бір күні оның дауысы шықпай қалып, қойылымды шегерудің орнына ол сахна артына актер орнына сөйлейтін адам қояды. Ал, өзі сахнада тек аузын жыбырлатып қана тұрған. - Иония театрларында бір қолы жоқ жауынгерлердің қасына тақыр бас құлдарды отырғызатын болған. Қойылым ұнаған жағдайда жауынгерлер шапалақтау үшін бір қолымен құлдың басынан соғады екен. - Грек ақыны Фриндих өзінің «Милетті жаулау» атты пьесасы үшін көп көлемдегі айыппұл төлеген. Мұндай айып қойылым барысында көрермен көз жасын тия алмағаны үшін ғана тағылған. - Одессадағы зираттардың біріндегі актер М.Н. Митрофановтың тақтатасында: «Мен көп рет өлі адамның рөлін сомдадым, бірақ мен оларды ешқашан шебер ойнаған емеспін» деген сөз жазылған. - Барселондағы Teatreneu комедия театры күлкі үшін ақша төлеудің бірегей жүйесін енгізді. Онда көру залындағы орындықтардың артқы жағында көрерменнің ым-ишарасын, яғни күлгенін анықтайтын бағдарламамен жабдықталған планшеттер орнатылды. Ал планшет анықтаған әр күлкінің құны 30 еуро цент болды. Сондай-ақ, ең жоғарғы бағасы 24 еуроға жетті, яғни көрермен 80 рет күлімсірегеннен кейін, тегін күле алды. Бұл жүйе ұйымдастырушыларға ғана емес, көрермендерге де ұнады. Соның арқасында театр әкімшілігі айтарлықтай жақсы табыс тапты.