Жаңалықтар

28 қаңтарда Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі баяндады.

28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл отырыста еліміздің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңде атқаратын басты міндеттері белгіленеді.

 Сондай-ақ, Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірнеше облыс әкімдері баяндама жасайды.

 

 

Бақытжан Бекболат