Жаңалықтар

-28 градус аяз: синоптиктер елдің қай өңірінде күн суытатынын айтты

-28 градус аяз: синоптиктер елдің қай өңірінде күн суытатынын айтты

Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады.