Жаңалықтар

28 маусым- БАҚ өкілдерінің күні

28 маусым- БАҚ өкілдерінің күні

28 маусым - Шерхан Мұртазаның тілімен айтқанда "жегені - жантақ, арқалағаны - алтын" журналистер күні. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерін осы айтулы мерекелерімен құттықтай отырып, белгілі ғалым Кәкен Қамзинның "Ұлттық журналистика мектебі: кешегісі, бүгінгісі, келешегі"  атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. "Қазақ журналистикасы - ұлттық партияның қызметін атқарып келе жатыр" деген үдеге сай болу үшін, біз, журналистер қауымы журналистика ғылымының кешегісін де, бүгінін де білуге тиістіміз. Болашаққта цензурасыз, демократиялы қоғам құрамыз десек, әрдайым осы саланы зерттеушілердің де пікірін назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Олай болса, мереке құтты болсын, әріптестер!