сәрсенбі, 2 қазан, 2024 3:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

3,2 млн тонна картоп жиналды

3,2 млн тонна картоп жиналды
ашық дереккөзі
3,2 млн тонна картоп жиналды
Елімізде 3,2 млн тонна картоп жиналды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Майлы дақылдарды жинау 1,4 млн гектар алқапта немесе егін жинау алаңының 40 пайызында жүргізілді. Майлы дақылдардың жалпы жиналымы гектарына 7,3 центнер орташа түсімділікпен 1 млн тоннаны құрайды. Картоп 164,5 мың гектар алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның - 83,3 пайызы. Жалпы жинау гектарына 198,2 центнер түсімділікпен 3,2 млн тоннаны құрады», - деді Ербол Қарашөкеев. Оның дерегінше, көкөніс дақылдары 149,6 мың гектар алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 87,7 пайызын құрап отыр. Гектарына 280,5 центнер түсімділікпен 4,2 млн тонна өнім алынды. «Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың болжамды жалпы жиналымы республиканың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдың қолайлы болу егіннің сапасына оң әсер етті», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар