жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

3,5 мыңнан астам үй су астында қалды

3,5 мыңнан астам үй су астында қалды
ашық дереккөзі
3,5 мыңнан астам үй су астында қалды

Мексикадағы Керетаро штатында қатты жаңбыр жауып, өзен суы тасыды. 3,5 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды

 

Milenio газетінің жазуынша, бүгін өңірде табиғи апаттан келген шығынды бағалау басталады.

«Ертең 120 адам тізім құрастыруға кіріседі, елді мекендерде қанша адам тұрақты түрде, қаншасы үй жалдап тұрып жатқанын санайды. Біз соған қарап, мүмкіндігімізді саралаймыз», деді аймақ губернаторы Маурисио Кури.

Әскери қызметшілер мен құтқарушылар су басқан аудандардан 3 мыңнан астам адамды эвакуациялаған.

Қыркүйек айының басындағы нөсерден болған су тасқыны Идальго штатындағы ондаған мың үйге зиян келтірді. Соның ішінде Тула-де-Альенде қаласы айтарлықтай зардап шекті. Онда аурухананы су басып, ондағы науқастар қайтыс болды.

Табиғи апаты жалпы алғанда 70 мыңнан астам адамға әсер етті. Оны жоюға жүздеген құтқарушы, әскери қызметшілер мен Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар