сейсенбі, 17 ақпан, 2026 20:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте киберпол интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арнаны жойды

3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте киберпол интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арнаны жойды
Фото: Polisia.kz
Күдіктілер қамауға алынды.

Шымкент қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жүргізілген мұқият талдау және жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарды қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды. Бұл нөмірлер азаматтарға, оның ішінде шетелде жасалатын алаяқтық қоңырауларға пайдаланылған.

Бірінші SIM-карталарды жаппай тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp мессенджеріндегі растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды. Осылайша алаяқтар қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда қолданған.

Жедел іс-шаралар барысында киберполиция қызметкерлері екінші қатысушыны анықтады. Ол –телефондарға арналған аксессуарлар дүкенінің сатушысы. Клиенттердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына қосымша абоненттік нөмірлер рәсімдеп, өткізіп отырған.

Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам абоненттік нөмір пайдалануға қосылып, интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды.

Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді: мұндай заңсыз схемаларға қатысу, жәбірленушілермен тікелей байланыс болмаса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мессенджерлердегі растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіздер және үшінші тұлғаларға өз атыңызға SIM-карта рәсімдеуге келіспеңіздер – бұл қылмыстық схема болуы мүмкін.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар