Жаңалықтар

30 мыңнан астам қазақстандық әскери борышын өтеуден жалтарып жүр

30 мыңнан астам қазақстандық әскери борышын өтеуден жалтарып жүр

Елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр. Бұл туралы Қазақстан қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте әскери борышын өтемеген қазақстандықтарды жергілікті атқарушы органдар іздеп жатыр. «Жергілікті басқару органдары мен полиция жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізеді», - деді подполковник.