30 сәуір күні Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді
30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматыда сиреналық-дауыс хабарлау жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу аясында өткізіледі. 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жаттығу туралы бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар таратыла бастады.
Сейсмикалық жаттығу барысында сиреналар іске қосылып, теле-радиоарналардағы бағдарламалар автоматты түрде үзіліп, шұғыл ақпарат беріледі. Сонымен қатар мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырды.