Жаңалықтар

30 жастағы қазақстандық қыз түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

30 жастағы қазақстандық қыз түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 30 жастағы қыздың ұсталғанын растады. «Осы жылдың 31 тамызында Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Смадияров. Министрлік өкілінің айтуынша, қазақстандық қыз 2018 жылдан бері Түркияда тұрған. Марқұм болған азамат оның бірге тұратын адамы болып шықты. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде қыз түрік жігітін пышақтап тастаған. Салдарынан алған ауыр жарақатынан Түркия азаматы қайтыс болды