жексенбі, 24 қараша, 2024 18:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

35 миллиард теңге қаржы бөлінді

35 миллиард теңге қаржы бөлінді
ашық дереккөзі
35 миллиард теңге қаржы бөлінді
Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және туризм салаларында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қанатбек Қайшыбекұлы алдымен ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға, алдағы ауқымды жоспарларға тоқталды. Баяндамашының айтуынша, облысымызда суармалы алқаптарды қалпына келтірудің жол картасы әзірленген. Бүгінгі таңда облыстың суармалы жерінің көлемі 179,2 мың гектарды құрайды. Оның 55,2 мың гектары тиісті нормативтерге сәйкес сумен қамтамасыз етілсе, 47 мың гектар алқап 30-40 пайыз деңгейде қамтылған. Қалған 77 мың гектар тәліми алқап ретінде пайдаланылуда. –Халықаралық қаржы институттары («Еуропа қайта құру және даму банкі» мен «Халықаралық қайта құру және даму банкінен») арқылы 35 миллиард теңге қаржы бөлініп (13,9 миллиард теңге игерілді), 25,0 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді (жоспар 69,1 мың гектар). 2022-2024 жылдары 306 су нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 55,0 мың гектар алқапты айналымға қосу көзделген. Оның ішінде 183 каналды ПУИД-3 бағдарламасына енгізу арқылы қайта жаңғырту көзделуде, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар