Жаңалықтар

36 градус аяз. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

36 градус аяз. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

🌬️36 градус аяз. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде тұман күтіліп отыр. 💬«Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады. Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз күтіліп отыр», - делінген хабарламада.