Жаңалықтар

38 жастағы алматылықты өз көлігі басып, мерт етті

Жол-көлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ал дәл сол уақытта "ГАЗель" көлігінің салонында кішкентай бала ұйықтап жатқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Zakon.kz сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Алматыда қайғылы жағдай болды – ер адамды өз көлігі басып кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырған.

Полиция мәліметінше, жол апаты  Алматының Медеу ауданында сағат 13:15-те болған. "ГАЗ" автокөлігінің 1986 жылғы жүргізушісі көлігінің артқы жағында болған, ол көліктің өздігінен қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Салдарынан оны өз көлігі басып кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болды.