Жаңалықтар
39,5 мың қазақстандықтың жұмыс істеуге ниеті жоқ – статистика
- авторjambylinfo.kz
- 14 ақпан, 2023
- 538
39,5 мың қазақстандықтың жұмыс істеуге ниеті жоқ – статистика
Қазақстанда жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ 39,5 мың адам тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
Бюро дерегінше, толық жұмыспен қамтылмағандар саны былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9,9%-ға өсіп, 268,9 мың адам болды.
Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны - 456,1 мың адам. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3% болып төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны - 39,5 мың адам.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024