Жаңалықтар
-39 градусқа дейін аяз болады: ТЖМ абай болуға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 7 желтоқсан, 2023
- 297
-39 градусқа дейін аяз болады: ТЖМ абай болуға шақырды
Төтенше жағдайлар министрлігі қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздікке баса мән беру керектігін ескертті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» болжамына сәйкес желтоқсанда ауа райы жиі өзгереді. Кейбір ауданда қар көп жауып, боран болатыны хабарланады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады деп күтіледі. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз болған ауа-райы аязға ауысады.
7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының келуімен еліміздің барлық аумағында ауа температурасы:
- Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін;
- Ұлытау, Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35°С, күндіз -30°С дейін;
- Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде -23°С, күндіз -20°С дейін;
- Қызылорда облысында түнде -20°С дейін, күндіз -15°С дейін;
- Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнде -25°С дейін, күндіз -17°С дейін, таулы аудандарда түнде -30°С дейін, күндіз 15°С дейін;
- Атырау, Маңғыстау облыстарында түнде -18°С, күндіз -12°С дейін күрт төмендейді.
– ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, – деп ескертеді ведомство.Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береді. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске салады. Барлық оқиға туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024