Жаңалықтар

4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақмола облысы - 1 учаске "Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 шақырым. Жібек жолы ААП - Қарағанды обл. шек. дейін – 61 шақырым. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Жетісу облысы - 1 учаске "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым. ст.Көктұма- ст.Достық – 100 шақырым. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Қарағанды облысында - 4 учаске "Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 шақырым. Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 шақырым. "Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырым. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 шақырым. "Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 шақырым. Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ААП – 73 шақырым. "Қызылорда-Павлодар" 788-906 шақырым. Ұлытау облысының шекарасынан - Топар ауылына дейін – 118 шақырым. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Ұлытау облысында - 1 учаске "Қызылорда-Павлодар" 756-788 шақырым. Атасу ауылынан - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 32 шақырым. Көліктің барлық түріне шектеу қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірліе техника мен 599 адам жұмылдырылды. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/98122/