Жаңалықтар
40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің - Геннадий Головкин
- авторjambylinfo.kz
- 2 тамыз, 2022
- 276
40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің - Геннадий Головкин
Орта салмақтағы біріккен әлем чемпионы Геннадий Головкин Las Vegas Review Journal-мен әңгімелесу барысында Сауль «Канело» Альвареспен рингте алғаш кездескеннен кейінгі төрт жыл ішінде қандай өзгеріс болғаны туралы айтты.
Боксшылар 17 қыркүйекте Лас-Вегаста үшінші рет жекпе-жекке шығады – бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.
«40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің және 35 жаспен салыстырғанда басқаша көрінесің. Менің жаңа жаттықтырушым бар. Біздің жаттығу процесіміз де басқаша. Соңғы төрт жыл оңай болмады. Төрт жыл — бұл төрт спорт маусымы. Кез келген командалық спорт түрін алыңызшы — футбол немесе баскетбол — соңғы төрт маусымда не өзгергенін қараңыз. Әсіресе мансабым аяқталатын кезеңде нақты айту қиын. Көп нәрсе айта беруге болады. Содан бері өзімде көп өзгеріс болды», - деді қазақстандық боксшы тілшіге берген сұхбатында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ирандағы су тасқынынан 56 адам көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
- авторjambylinfo.kz
- 13 қаңтар, 2025