жұма, 22 қараша, 2024 18:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«40-тан кейін махаббат ашыла береді екен ғой»: Кенжебек Жанәбілов жарына ән арнап, бейнебаян түсірді

«40-тан кейін махаббат ашыла береді екен ғой»: Кенжебек Жанәбілов жарына ән арнап, бейнебаян түсірді
Сурет:видеодан скрин
Өнер иесі «Мен сені шын жақсы көремін» әнін жұбайының 40 жас мерейтойына арнайы жазған

«МузАРТ» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов 17 жыл отасқан жары Жәмила Төленгенқызының туған күніне ән арнады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жақында әншінің жары 40 жасқа толған. Мерейлі күнге орай, ол жан жарына арнайы ән жаздырып, бейнебаян да түсірген. 

Кенжебек Жанәбілов «Мен сені шын жақсы көремін» әніне түсірілген бейнебаянын желіге парақшасына жүктеп, оның астына «40 жастан кейін махаббат ашылады екен ғой», - деп сүйіктісіне сезімін білдірген. 

Айта кетейік, жұбайлар 2007 жылы шаңырақ көтерген. Қазір олар екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар