Жаңалықтар

42 кандидат сайлауға қатысудан бас тартқан

42 кандидат сайлауға қатысудан бас тартқан

Орталық сайлау комиссиясы оларды тіркеуге алмады. Ал 125 кандидаттың тіркеу туралы өтініші кері қайтарылды. Оның ішінде 1 кандидат соңғы он жылда ҚР аумағында тұруы қажет деген талапқа сай келмей, тіркеуден өтпеген.  8 ақпандағы тіркеу нәтижесі бойынша 29 бірмандатты округтен 435 кандидат тіркелген. Ең көп тіркелгендер Астана қаласында. (41-42 кандидат). Төмен көрсеткіш Түркістан облысында – 5 кандидат тіркелген. ✔️Тіркелгендердің 80,46%-ы ер адамдар, 19,54%-ы әйел адамдар. ✔️Олардың орташа жасы 49,34 жасты құрайды. 29 жасқа дейін 15 адам тіркелді. Ең жасы – 1997 жылғы азамат. ✔️Кандидаттардың 91,26%-ы ұлты қазақ, 5,52%-ы орыс, 3,02%-ы басқа ұлт өкілдері.