Жаңалықтар

43 560 теңгеден басталады: Астана-Анкара рейсіне билеттер сатылып жатыр

43 560 теңгеден басталады: Астана-Анкара рейсіне билеттер сатылып жатыр

FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан Түркия астанасына апта сайынғы рейстер 23 мамырдан бастап сейсенбі және сенбі күндері орындалатынын хабарлады. Билеттер бір жаққа 43 560 теңгеден басталады (борттағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі бір қол жүгі кіреді). «Астанадан бөлек, Түркия астанасына Шымкент, Семей, Қызылорда, Ақтау және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары ұша алады. Ол үшін біз халыққа ыңғайлы бағаны ұсынуға дайынбыз», делінген компания хабарламасында.