сенбі, 5 қазан, 2024 12:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

-43° аяз және қалың қар: Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған күн райы болжамы жарияланды

-43° аяз және қалың қар: Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған күн райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзі
-43° аяз және қалың қар: Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған күн райы болжамы жарияланды
Синоптиктер еліміз бойынша 9-11 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Жамбылинфо Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді.
"Республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жаңбыр мен қар жауады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерлері мен тауларда қалың қар жауады", – дейді синоптиктер.
 Түнде ауа температурасы:
  • солтүстік-батыста -20-37°-қа дейін,
  • солтүстікте -30-38°-қа дейін,
  • елдің қиыр солтүстігінде -40-43°-қа дейін,
  • орталықта, елдің шығысында -25-35°-қа дейін төмендейді.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар