жексенбі, 6 қазан, 2024 19:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

-45 градус аяз. Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болмақ

-45 градус аяз. Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болмақ
ашық дереккөзі
-45 градус аяз. Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болмақ
Синоптиктер бүгін, 11 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде аяз, көктайғақ болады, деп хабарлайды  EL.kz ақарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. Жетісу облысының таулы аудандарында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с.Түнде облыстың басым бөлігінде 40-41 градус, облыстың солтүстігінде 45 градус аяз болады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с болады. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Алматыда кей уақытта тұман түседі. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын көп мөлшерде (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с болады. Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар