сәрсенбі, 2 қазан, 2024 5:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5 өңірде қар жауады - Қазгидромет

5 өңірде қар жауады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
5 өңірде қар жауады - Қазгидромет
Қазгидромет 28 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с солтүстік-батыс бағыттағы жел соғады.
Қарағанды облысында 28 қыркүйекте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Астана қаласында кей уақыттарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар