Жаңалықтар

5 облыста суды үнемдеу үшін егіс алқаптары қысқартылды

5 облыста суды үнемдеу үшін егіс алқаптары қысқартылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев суды үнемдеу үшін 5 өңірде күріш, мақта, пияздың егіс алқаптары қысқартылатынын айтты, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Серікқали Брекешевтің айтуынша, Қызылорда облысы үшін Үкімет резервінен сорғы қондырғыларын сатып алуға және ұңғымаларды жөндеуге, бұрғылауға 3,6 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ министр Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қантардан бастап фермерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.