5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Егер тіркемеген жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 40 мың теңгенің көлемінде айыппұл салынады. Мопед айыптұрағына қойылады. Тіркеу мерзімінің аяқталуына 4 күн ғана қалды. Қазір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына күніне 500-ге тарта мопед жүргізіушісінен өтініш түседі. Сондықтан кезек көп. «Егер ерте бастан қамданса, бұлай сарылып кезек күтіп тұрмас еді»,– дейді мамандар.
Өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат, мопедтің техникалық сипаттамасы туралы мәліметті алып келуі керек. Өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Алғашқы тіркеуге тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін барлығы 11 мың теңгеден аса қаржы төлеуі тиіс.
Ешқандай құжаты немесе VIN-коды болмаған жағдайда ішкі істер органдары мопедті жеке тексереді.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025





