Жаңалықтар

«5 ЖАСЫНДА ӘКЕСІ АЖЫРАСЫП КЕТКЕН БОЙЖЕТКЕНДЕР, БОЛАШАҚ ЖАР ТАҢДАУДАН ҚИНАЛАДЫ» - ПСИХОЛОГ МАМАН

«5 ЖАСЫНДА ӘКЕСІ АЖЫРАСЫП КЕТКЕН БОЙЖЕТКЕНДЕР, БОЛАШАҚ ЖАР ТАҢДАУДАН ҚИНАЛАДЫ» - ПСИХОЛОГ МАМАН

Соңғы кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәліметтерді жиі кездестіреміз. Ал,  айтылған сандар тіпті жан түршіктіреді. Осы орайда түйткілді мәселені жан-жақты талқылау үшін, біз Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығының психолог маманы  Назымбекова Аида Баялықызымен сұхбаттасқан едік.

- Аида Баялықызы, «Анаға тағзым» орталығы кімдерге көмек қолын созады?


«Анаға тағзым» орталығы көп балалы аналар, асыраушысынан айырылған аналар, мүгедектігі бар балалар, көп балалы отбасынан шыққан жас қыздар және жалғызбасты аналар, ата-анасы қайтыс болған азаматтарға  көмек қолын созу үшін ашылған орталық. Әсіресе әйелдер қауымына күйзеліс барысында психолог маманның көмегі орасан зор.   -Үйдегі зорлық-зомбылықтың туу себептері қандай?


Мен психология саласында ұзақ уақыт қызмет етіп келемін. Осы уақыт аралығында түсінгенім, көп үйдің шаңырағының шайқалу себебі, ер адамның өз жұмысына қанағаттанбауы, өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндігін жетіспеуі, жеке өмірдегі мәселелер (отбасы дағдарысы), өзін төмен сезіну, ерік-жігерінің жоқтығы, әйелінен жеткілікті мөлшерде сыйластық таппауы (өз орнын сезінбеуі). -Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге қандай көмек көрсетіледі?


Алдымен, әйелдің психологиялық күйіне мән береміз. Келген кейіпкерімізді депрессиядан шығаруға, арнайы психологиялық әдіс-тәсілдер қолданамыз. Өзіне деген сенімділігін қайтаруға ықпал етеміз. -Балаға зорлық-зомбылық жасалғанын қалай білуге болады?


Балалар өте нәзік жанды келеді. Жеткіншек жасқа дейінгі балалардың ішіндегі қорқынышын шығару, сөзге тарту қиын болғандықтан, арт-терапиясы қолданылады. Ол жерде бірінші үйдің, отбасы мүшелерінің, табиғаттың суретін салдыру арқылы баланың ойын біле аламыз. -Баланы тәрбиелеуде қандай кеңес бересіз?


Аптасына 2-3 күн балаға көңіл бөлсе жеткілікті. Ана мен қыздың арасында бір-біріне деген сенімділікті қалыптастыру маңызды мәселе болып отыр. Әр ата-ана баласының мінезіне сай әрекет етуі қажет. Қойылатын сұрақтар да, тосыннан болмағаны дұрыс, себебі жасөспірімдер өзін ыңғайсыз сезініп, жан дүниесіндегі толғанысын бөлісуден қашуы мүмкін. Ана қызға құрбысындай қарап, жетістіктеріне бірге қуанып, сырларымен бөлісіп,  ойын тыңдап, достарымен ара қатынасы жайында хабардар болса, түсініспеушілік те аз болар еді. Жеткіншекпен сөйлесе алу да мәдениеттілікті көрсетеді.   -Отбасыдағы кикілжің бала психологиясына қандай өзгерістер әкеледі?


Әкесі анаға күш көрсеткен кезде, бала бұл көріністен шет қалмайды. Өсе келе өз отбасында бала осы сценарийді қайталуы мүмкін. Біздің көмегімізге жүгінген азаматтарға қоятын алғашқы сұрағымыз қандай отбасында дүниеге келгені. Толық отбасы, ата-анасы ажырасып кеткен, тек  анасы немесе әкесімен үйде тәрбиеленген адамның өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалға, 5 жасында әкесі ажырасып кеткен бойжеткендер, өзіне өмірлік жолдас таңдаудан қиналады. Сырт көзге көрінбейді, алайда психологияда қыз әкесіне, ал жігіт анасына ұқсас серік іздейтіні дәлелденген. Кішкентай жастан отбасында қарапайымдылық пен жылы сезімдерге бөленген бала, келешекте осы тәрбиені өз баласына дәріптейді.   -Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қалай алдын-алуға болады?


Барлық мәселе жастардың алдына дұрыс мақсат қоя алмауында. Қазіргі таңда жастар дипломды алып, қысқа уақыт арасында тұрмыс құрады. Осының салдарынан отбасы материалдық жетіспеушілікке барып тіреледі. Пәтер алу, баланы асырау үшін үлкен жауапкершілік керек. Өкініштісі, жартысынан көбі "алма піс, аузыма түс" деп жатып алып, болашағын жоспарлауға ерінеді. Отбасы құрудағы мақсатын білмейтіндер саны жеткілікті. Бай өмір сүру үшін тынбай еңбек ету керегін түсінбейді. Әр мамандықтың шыңын бағындыра алған адам ғана қызметінің жемісін көреді. Демек, зорлық-зомбылық азаюын қаласақ, жігіт пен қызға шынайылық пен еңбекқорлық қасиеттерін көрсете алатын ата-ана болуымыз қажет.  

М.Х.Дулати атындағы конвергенттік журналистика

3 курс студенті

Әбдіқайымова Жанел