Жаңалықтар
5 жылдық дау: Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының жерлері қайтарылды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2023
- 155
5 жылдық дау: Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының жерлері қайтарылды
Облыстық прокуратура шаруашылық кооперативтердің құқығын қорғады, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Ақермен ауылдық округінің тұрғындары 2017 жылдан бастап өздеріне тиесілі жер учаскелерін қайтару мәселесін көтеріп келе жатыр. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ақермен ауылындағы Кеңестік шаруашылықтың (кеңшар) жұмысшылары асыл тұқымды малдарды сақтап қалу мақсатында өз жер үлестерін алмаған еді.
1993 жылы «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ құрылып, шығарылған акциялардың бір бөлігі мемлекетте қалып, қалғаны жеке адамдарға бөлініп берілген. Алайда «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-ның акциялары 2015-2016 жылдары жекеменшікке сатылып кетіп, ауыл тұрғындары жері мен мал-мүлкінсіз қалған.
Прокуратура құзырлы органдардың жұмыстарын үйлестіру арқылы даулы мәселелерді шешу мақсатында бірқатар шара ұйымдастырды. Нәтижесінде сатылған акциялардың бір бөлігі (5086 акция немесе 18%) сот арқылы «Тараз ӘКК» АҚ-на қайта тіркеліп, сондай-ақ кадастрлық құны 55 млн теңгеден асатын, ауданы 3 мың 910 гектар болатын «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-на тиесілі жер телімдері мемлекетке қайтарылды.
Қазір ауыл тұрғындарымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 70-90 азаматтан тұратын 5 шаруашылық кооперативі құрылып, заң шеңберінде 400-ден аса отбасы жермен қамтамасыз етілетін болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз