Жаңалықтар

516 орындық жатақхана соғылуда

516 орындық жатақхана соғылуда

  Тараз өңірлік университетінің жатақхана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мердігер «ПИКО» ЖШС нысанды жыл соңына дейін пайдалануға бермек. Қазір мұнда 60 жұмысшы еңбек етуде. Ғимаратқа жылу, электр желісі мен су құбыры тартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.