Жаңалықтар

52 млн теңге: Павлодар облысы шырша орнатудан рекорд жаңартты

52 млн теңге: Павлодар облысы шырша орнатудан рекорд жаңартты

Павлодарда орталық алаңға 52 млн-нан аса теңгенің шыршасы қойылып жатыр. Оның биіктігі 30 метр. Шыршадан бөлек, безендіру жұмыстарына да қыруар қаржы бөлінген, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл алып мұз қалашықтарын салуға күн райы ырық бермейді. Қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескермеген. Қоғамдық ұйымдар осылай деп наразылық білдіріп жатыр.

Биыл биік әрі алып мұз қалашықтарын салуға және ұзын сырғанақтар жасауға күн райы ырық бермейді. Бірақ, қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескеріп, сараптамаған сияқты. Осылай деп қоғамдық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Құқық қорғау органдары болса, бөлінген қаражаттың игерілуін тексермек.