
Жүргізушіге салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2 млн теңге шамасында.
Сәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
26 жастағы жезқазғандық Mercedes-Benz көлігімен 54 рет жол ережесін бұзған. Оны Сәтбаев қаласының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықтады.
Полицейдің қызметтік планшетіне жол ережесін бұзу туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында жүргізушінің жылдамдықты асырғаны және жол ережесін өрескел бұзғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта көлік айыппұл тұрағына қойылған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақ балуандары Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025
Жаңалықтар
Ерболат Досаев енді екі апта сайын Тоқаевқа есеп беретін болады
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025